Басты бет / Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті / ЖОО-ға дейінгі дайындық / Тұрдәлі Талғат

Тұрдәлі Талғат

Лауазымы: оқытушы
жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы
Жасырылған
       Тұрдәліұлы Талғат 1999 жылдың 3 қазанында дүниеге келген. 2017 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепті жақсы нәтижемен тәмамдаған. Сол жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру факультетіне оқуға түсіп, 2018–2022 жылдар аралығында аталған оқу орнын «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары нәтижемен аяқтаған. 2022–2024 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде магистратурада білім алып, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін үздікпен иеленген. 2024 жылы білімін әрі қарай жалғастырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің «Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантурасына (PhD) қабылданған. Сол жылы Ұлыбританияның Лондон қаласында ғылыми тағылымдамадан өтіп, халықаралық тәжірибе мен зерттеу бағытындағы біліктілігін арттырған. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқытушы қызметін атқарып келеді. Тұрдәліұлы Талғат — ізденімпаз, шығармашыл, кәсіби және ғылыми әлеуеті жоғары жас маман.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
Абай атынд.ҚазҰПУ Бакалавриат 2022
Академикалық дәреже
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0